Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жыл сайынғы Жолдауларында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше маңыз беріліп келеді. Соңғы кездері ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру, саралап және даралап оқыту, инновация, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту, топтап оқыту т.б. әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деген ой-пікірлер айтылып та, жазылып та жүр. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі теориялық оқытуға негізделген бағдарламасы Англияның Кембридж университетінде дайындалған. Мұндағы сындарлы оқытудың мақсаты.....