Қаржы | Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі

Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік бюджетті реттеу аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.
Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік бюджеттің кіріс - шығысын жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр.
Демек, мемлекеттік бюджетті реттеу атқарушы биліктің құзыретінде қалып отыр. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік реттеу жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | ДЕМОКРАТИЯ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемi байланыста болады.
Бағалы қағаздар нарығы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады.
ҚР-ның ауыспалы экономикасындағы бағалы қағаздар нарығының маңызы мен мәнiн келесiлерден көруге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Азаматтық қоғам-мемлекеттің әлеуметтік негізі

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері....
Курстық жұмыстар
Толық

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Жаңалықтар
Толық

Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.

Фото: golos-ameriki.ru
Фото: golos-ameriki.ru

"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.

Жаңалықтар
Толық