Алтын күз әсем айналам еліне береке сыйлаған

Залдың іші күз мезгіліне сай етіп безендірілген.
Мақсаты:
Білімділік: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру.
Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру
Дамытушылық: әндерді музыка ырғағымен айтуға талпындыру, ойындарға
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелеу: ертегі сахналағанда кейіпкерлердің дауыс ырғағына келтіріп айту дағдысын жетілдіру, балалардың мерекелік көңіл - күйін көтеру.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеледі халыққа бар молшылық.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгінгі
«Алтын күз, әсем айналам еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алдымен №3"Жұлдыздар" ересектер тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Әдемі әуенмен балалар залға кіреді.
Ән: «Күзгі жапырақ» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық