Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

АӘД | Төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру

Кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасы аумағы мен шетелдердегі апаттар мен табиғи зілзалалардың салдарынан болған айтарлықтай адам шығыны,осы құбылыстар кезінде көрсетілетін жедел дәрігерлік көмек көрсету жүйесінің көп жылдан бері қалыптасып қалған салғырт ұйымына, дұрыс көзқараспен қарауды талап етеді.
Төтенше жағдай кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымы жан – жақты болады: апаттан құтқару жұмыстары, апат аймағына жету қызметтері, апат салдарынан туындайтын жұқпалы індеттердің алдын-алу жұмыстары, адамдарды қауіпсіз аймаққа апарып, оның ары қарайғы еміне жағдай жасау, және де елдің өздерін өмірімен қамтамасыз етулерін қалыптастыру болып табылады.Аталған қызметтер төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюы үшін біртұтас мемлекеттік жүйенің басты мақсаты саналады.
1994 жылдың 27 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің қаулысы.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар болған кездегі жедел дәрігерлік қызмет көрсету ұйымын құру жайлы қаулы, мемлекеттік №1068.
Табиғат және техникалық құбылыстар сипаттында туындайтын төтенше жағдай кезінде, дәрігерлік қызмет көрсету жайында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы бекітті.
1. ҚР Төтенше жағдайлар кезінде қызмет көрсететін жедел дәрігерлік көмек көрсететін ұйымды құру. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | ондық сәулелендірумен зақымданғанда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.



Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары

Медициналық сұрыптау. Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары



Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:



Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл шараның ұзақтығының шегі әртүрлі.



Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау.



Қалпына келтіру. Зақымдалғандар мамандандырылған және арнайы көмек кезеңдеріне түсік, зақымдалу сипатына сәйкес емдеу қабылдап, реабилитацияланады.



Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі): науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі......
Рефераттар
Толық

Биология | Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу

Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу



Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.



Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері


Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау – медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:



І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау – зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Иммунология – медициналық-биологиялық ғылымдарының ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген инфекция түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан қуюды қолдану инфекциялық емес иммунология жетістіктері ғана жер шарының миллиондаған адамның өмірін .....
Рефераттар
Толық

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.
Кеңестер
Толық