Мақтанышым-Әкем!

Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. Қазір басқа қалада оқуда жүрген апам мен ағам әр телефон шалып сөйлескен сайын «Әкем мен анамды ренжітпе, айтқандарын екі етпей орында, сыйла!» ,-деумен болады. Мүмкін сағынып жүрген болар деп ойлаймын кейде. Ал бір ойым адам қасында жүргенде жақын адамдарының қадірін білмейді,- деген оймен астасып, олар әкем мен анамның қадірін енді біліп жүрген болар деген ой мені мазалайды. Олар оқудан демалысқа келіп, қайтатын күні болғанда - анама таңертеңгі шайға балалардың бәрін оят, бәріміз бірге ауызбіршілік шайын ішейік, -дейтін. Анам сол күнге бола таңертең ерте оянып, бар тәттіні пісіріп, аузымызға тосатын. Бұл да болса әкемнің бірлік пен татулыққа шақырған тәрбиесі деп білемін. Әкемнің асыл қасиеттерін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Қанша шаршап- шалдықса да үйге үнемі күлімсіреп кіреді......
Эсселер
Толық

Мамандығым мақтанышым

Мамандықты не үшін таңдасаң, сол үшін еңбек етесің. Мен солай тұжырым жасаймын . Сөзімді түсіндірсем: Мен мұғалімдікті білімге құштар болған соң және баланы жақсы көрген соң, ең бастысы осы екі сөзімді өзара байланыс жасай алып, өз бойымдағы білік дағдыны осы жолда жұмсай алған соң таңдадым. Менің таңдауым осы басқа бұлтарар жол жоқ.

Алдымда отырған мөлдіреген таза көздер ертеңгі күні турашыл, әділ, оң ұстамды көзқарасы бар азаматқа айналу үшін еңбек етемін. Мақсатым- смарт, білім мен адамгершілік,отаншылдық қасиеттерді қалыптастыру үшін критерийге сәйкес келуім шарт......
Эсселер
Толық

Мамандығым - мақтанышым

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Мәңгі адам боп қалу үшін ғаламда.
Мәңгі болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Иә, шынымен де армансыз адам-қанатсыз құс. Онсыз көкке ұшып, биікке жете алмайсың. Орыс жазушысы Л.Н Толстой айтқандай: «Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тіршілік те жоқ». Демек, арман арқылы алға ұмтылу өмірдің басты мақсаты. И.С. Тургеневтің «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» деген айшықты сөзі адамзатты мүсіркеуге емес, өмірге деген ұмтылысына әрекет жасауға бағытталған. Бұны мақсатты арманға апаратын сара жол деп ұғамыз. Осыдан алты жыл бұрын білім мен тәрбиенің бастауы болған, сусындатқан, алтын ұя мектебімнен қанат қаққалы жүрген сәтімде болашақ арманыма жетудегі мақсатым мазалаған болатын. Орыс жазушысы И.С Тургенев: «Үлкен мақсатқа жетуді көздеген адам - өзі туралы ойлануы қажет» дейді. Сол он бір жылдық өмір мектебін аяқтағанда, өзімнің өмір атты мектепке аяқ басқанымды сездім. .....
Эсселер
Толық

Мамандығым - мақтанышым

«Ұстаздық жолы,бала тәрбиелеу - ардақты іс»-деп марқұм әкем айтып еді.»Айтушы ақылды болса,тыңдаушы дана болады» -деп халқымыз тауып-ақ айтқандай, міне бүгінгі таңда әкемнің сөзін мәңгі есіме сақтап,мұғалім мамандығын таңдап тер төккеніме де биыл 4 жыл 3ай өтіпті.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл... » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.......
Шығармалар
Толық

Менің мұғалімім, менің мақтанышым

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.

Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.

Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.

Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған......
Эсселер
Толық

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін -ақ, өзінің белсенділігін,өнерлі халық екенін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырарлықтай айтатын болсақ,әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы.Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына.Рәміз дегенде менің ойыма ең бірінші келетіні,халықтың салт-дәстүрі,ұлты,тілі,тарихы,бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып,көркемделіп баяндалған.Мысалға алар болсақ,біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді.Таза ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің ,тыныштықтың белгісі болған.Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.Тудағы күннің нұры,шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің ,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты,егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани еркешелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақтардың жомарттылығы мен қырағылығын,ой ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-елтаңба.Қазірде біз елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалар мен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып,арқау болып тұрған оның шаңырағы.Шаңырақ-елтаңбаның жүрегі,қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын ошақтың амандығы мен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелер секілді.Елтаңбадағы қос тұлпар бостандыққа,амандық пен бірлікке жетелейді.Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген.....
Шығармалар
Толық

Елбасы - қазақ халқының мақтанышы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егемендіктің тұғырын нықтап жүрген адам, Қазақстан Республикасының тарихындағы тұңғыш президент.

Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің тұңғыш президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көрегендігінің арқасында Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытты. Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап, қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай іс бастаса да санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін - Ел басы. 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында көптеген өзгерістер орын алды. Елбасы жаңа реформалар енгізіп, халық арасындағы қиыншылықтарды шешу үшін әрекет етті. Қазақстандағы тұрып қалған өнеркәсіптерді, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты. Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіріп, Астана қаласын салды. Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді. Сол себепті 1993 жылдың 5 қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен "Болашақ" бағдарламасы құрылды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды. Сонымен қатар, Елбасы елдің болашағы - жастар деп, жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі - кемеңгерлік, көрегендік.......
Эсселер
Толық

Мамандығым-мақтанышым

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,

Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.

Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,

Тағы да бақшама аяңдап келемін,

Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам... Қазіргі жұмыс жасап жүрген «Нұрсәт» балабақшасына осы бір өлең шумақтарының күш-қуатымен келе жатырмын. Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін... Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.

Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.........
Эсселер
Толық

Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Мүгедек емес олар! Жаралылар Жеңістің қолдарында жалауы бар. ...Парадтан барады өтіп жаралылар. Ей, Адам, Басыңды и де, қарауыңа ал! М. Мақатаев
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі де үлгі тұтар дара тұлғалар болады. Олар арқылы бүкіл әлемге танылып, олармен мақтана алады. Олардың аты барда халқы әрдайым басын тікке, көкке көтереді... Олардың есімімен, рухымен, аруағымен туған халқы талай асу, талай белестерден өтпек... Қазақта да осындай мақтан тұтуға тұрарлық азаматтары бар. Бұл қырандар өз артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Адамгершілікке сапар шегу үшін ең ізгі жолды таңдап, салып берді. Енді, сол ізгі жолды екі айыр жолдан ажырата білу - біздің міндеткерлік. Сондай бір ерекше өшпес тұлғалардың бірі – Әлия мен Мәншүк... Қазақтың қос қарлығашы...
Қос қарлығаштың есімізде есімі әрқашан да сақтаулы. Ал, олардың бар жасаған ерліктері тарих парақтарында мәңгі қалады. Таста қашалған ОрхонЕнисей жазбаларындай... ...Мәншүктің елі үшін жасаған бар іс-әрекеті мені таң қалдырады. Артық демі қалғанша жалғыз бір өзі болса да, ештеңеден тайынбай, қорықпай қаншама жауға төтеп берді, қарсыластық көрсетті. Қобда, Нева суларын сүйіп өскен даламыздың еркелеген құсы – Әлия да асқан ерлік көрсетті. «Он тоғыз жасар жас қыз оқып жүргенінде оқуынан сұранып, қан сасыған майданға бет алды» деген сөздерді кішкентайымда әкемнен естіген едім. Қазақ халқының қос қарлығашы Азияның ғана емес, әлем мақтанышына айналды. Қаршадай қыздар Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты. Кішкентайымнан «халық жауының» қызы боп қорлық көрген Әлия, әкесінің жау еместігін дәлелдеймін деген сөзінде тұрды. Оның шын аты-жөні Лая Нұрмағамбетова еді. Әкесі «халық жауы» атанып репрессияға ұшыраған деседі. Кейін нағашы ағасының қолында өскен Әлия, әкеге жазылған қара күйені жоюдың бірден-бір жолы деп осындай әрекетке барады. ......
Шығармалар
Толық