Абыройың артқан сайын арқалар жүгiң де ауырлайды

Жалпы адамдардың қызметі, лауазымы өскен сайын адам мінезі өзгереді. Кейбіреулер үшін мансап билігін жүргізіп, байып қалудың жолы болса, ал енді біреулерге ол үлкен жауапкершілік жүктейді. Елдің қамын көбірек ойлайтын болады, бұрынғыдан да көбірек жұмыс жасайды. Ондай жанның абыройы өседі.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ерекше мақал-мәтелдер жинағы

Қатын қысылса шағынады,

Ер қысылса сабылады.

Қатын ұшынса қағынады,

Ер ұшынса шабылады.

 

Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!

 

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Бәйге алмаған жүйріктен,

Белі жуан бесті артық.

Мақал-мәтелдер
Толық

Пасық адам паң келер

Білімді, мәдениетті адам ешқашан да кеудесін көтермейді. Олар соншама инабатты, қайырымды, қарапайым болады.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Керексiздi сатып алсаң, Кейiн керегiңдi сатарсың.

  1. Осы мақалды базарға, дүкенге барғанда, немесе бір затты сатып алғыңыз келгенде есіңізде ұстаңыз.
  2. Отбасыңызда сатып алу мен алмау туралы келеңсіз жағдайлар болмау үшін осы мақалды көрінетін жерге қағазға жазып, іліп қойыңыз.
  3. Жағдаят ойласытырып, ерлі-зайыптылардың диалогын құрыңыздар.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұзақ болса да жолдың турасы жақсы

«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі. 

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап

Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық