Бауыржан Момышұлы мақал-мәтелдері жинағы
Бауыржан Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:
Мақал-мәтелдер
Бауыржан Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:
Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы. Бірақ соған сеніп кетіп, өзіңді жетілдірмей, еңбек етуге ерінсең, нәтижесінде түксіз қаласың.
Достың да, қастың да жарымес емес, ақылды болғаны жақсы екен-ау.
Досың болса да, ақылы жетпегендіктен жамандық жасауы мүмкін екен.
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.
Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.