Әдебиет | Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау.
Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Арман, мақсат, мұрат

Армансыз адам алысқа бармас.

Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Іздеген мұратына жетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Заң

Әділ бектің заңы жоғары.

Әр елдің заңы басқа,
Иттері қара-қасқа.

Әділ заң — аспан тірегі.

Әділ туған заң жақсы.

Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ.

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Мақал-мәтелдер
Толық