Айлин
Айлин есімінің мағынасы – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. "Ай нұры" деген мағына береді.
Айлин есімінің мағынасы – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. "Ай нұры" деген мағына береді.
Інжу есімінің мағынасы – араб тілінен – маржан.
Айым есімінің мағынасы – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
София есімінің мағынасы – грек. – ақылды, білімді, дана. Сафия есімімен үндес, Сафия – "саф таза, тұнық; таңдаулы" деген мағына береді.
Аружан есімінің мағынасы - сұлу, көркем деген мағынада қойылады.
Аяна есімінің мағынасы – араб тілінен – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.
Аяла есімінің мағынасы – қаз. мәпелеп өсіру, әлпештеу.
Амина есімінің мағынасы – қазақша "Әмина". Араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Санжар есімінің мағынасы — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.