Ясина

Ясина есімінің мағынасы — араб тілінде Құранның 36-шы «Ясин» сүресі атауынан құралған. Бұл қыз есімі мейірімді, тура жол жүретін, таза жанды деген мағына білдіреді. Тағы басқа мағынасы — славяндық есім, жарқын мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық

Сөз қадiрiн бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi

Сөз қадiрiн бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi мағынасы

Сөзді дұрыс сөйлеу де, сөзді дұрыс түсіну де өте маңызды. Адамдардың қарым-қатынасының баянды болмағы, бір-бірін түсінуі, жұмыстың алға басуы – сөзге байланысты. Орынсыз сөзді айтып, адам жанын қатты жаралап алу да оңай. Орынды айтылған сөз, біріншіден, өзіңіздің беделіңізді арттырады, екіншіден басқа адамдардың ар-намысына тимей, олармен жақсы қарым-қатынастың негізін салуға көмектеседі.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ ҚҰРМАНБАЙ

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Қазақстанның табиғи мұрасы Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғи мұрасы Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы
Оқу мақсаты: 9.3.4.3- Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді;
9.3.4.4- тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
Сабақ мақсаттары: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ү әрпі бойынша ат қою)

ҮДЕРБАЙ - көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен - сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ф әрпі бойынша ат қою)

ФАЗЫЛ - (қараңыз: Базыл).

ФАЙЗ - араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.
Есімдер мағынасы
Толық