Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің....

Рефераттар
Толық

Ерліктің символы - Махамбет поэзиясы (10 сынып)

Жамбыл облысы Шу қаласы
Жамбыл гимназиясы
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Тлек Балжан Тлекқызы

Зерттеу сабақ тақырыбы: Ерліктің символы-Махамбет поэзиясы (10 сынып)
Сабақ мақсаты: 1)ақын өмірі,өлеңдерінің тақырыбы,мақсаты,
тарихы туралы мәлімет беру,жаңа қырынан таныту,қосымша мәліметтер беру,өлеңге талдау ;
2) ұлжандылыққа,батылдыққа,туған елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу;
3) қосымша деректерді пайдалану,танымдық,шығармашылық ізденіске жетелеу,өз ойларын еркін айтуға,әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Ашық сабақтар
Толық

Қазақ әдебиеті | Махамбет Өтемісұлының өлеңдері

Ашық сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Ашық сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Ашық сабақтар
Толық