Бала махаббат
8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...
...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды. Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен......

Махаббат хикаялары