Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық

Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?

Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?

Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі....
Кеңестер
Толық

9 мамыр: Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....

Құттықтау, тілектер
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

«Ата-бабаның қарғысын кармамен тазалаймыз»: Айгүл Елшібаева Құралай ханымның «ит терісін басына қаптады»

Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева психолог ретінде көпшілікке танылған Құралай Ошақбаеваны өзіне берілген емді елге таратып, ақша жасап отырғаны үшін кінәлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.....
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Көктемнің соңғы айының басты жаңалығы он бірінші мамырда төтенше жағдай режимінің аяқталуы болмақ, осы айда қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деген үміт бар

Бірінші мамырдан қалалар арасында әуе рейстері ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы жанданады. Банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін алынатын комиссияны төмендетеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз....
Жаңалықтар
Толық