Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері

Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:
- жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
- білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
- білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
- білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
- білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
- білімнің зиялылық сипаты;
- оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
- білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
- білім жүйесін ақпараттандыру.....
Рефераттар
Толық

Дене шынықтыру | Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық әдіснамалық негіздері

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.
«Тәні саудың – жаны сау» демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.
Кеңестер
Толық

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Жаңалықтар
Толық

Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық

ҰБТ жақындап араларыңыздағы кейбір қолданушылар қай мамандыққа барарын анықтай алмай жүрген де болар. Ендеше, мамандық таңдау сатысында тұрғандар үшін аналитиктердің болашақта ең қажет етіледі деп тапқан 10 мамандығымен таныстырып өтейін. Ал, кеттік!
Кеңестер
Толық