Алдымда айқын айнам бар, Алдымда жойқын майдан бар Ағарту елді - майданым! Майданда қан ішпеймін, Майданда іс істеймін, Майданда майда майдамын! Аң беруге ауылға, Аң беруге бауырға, Шаң беруге жауыңа.....
Кіріспе Егеменді еліміздің Қазақстанның материалдық-техникалық негізін құруда халық-шаруашылығын дамытып алдыңғы жолға қою ең маңызды да жауапты жұмыс. Халық шаруашылығын дамыту дегеніміз өндірістің барлық саласын яғни жер байлығын өндіретін таукен саласында, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс, жеңіл және тамақ өндірісінде және тағы басқа да еңбек өнімділігін арттыру, қол еңбегін жеңілдету, халықтың жағдайын жақсарту дегенге жатады. Ерте заманнан-ақ адамдар күн көру үшін ететін ауыр еңбектерін жеңілдетудің әр түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Ауыр заттарды бір жерден бір жерге тасымалдау немесе оны жоғары көтеру үшін неше түрлі әдістер қолданған. Сол әдістер бертін келе көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі болып қалды. Алғаш Египетте одан кейін Грецияда, Римде адамдар жүкті көтеріп-тасымалдауды дамытты. Биік пирамидаларды салуды, ауыл шаруашылығында жерді суландыру үшін төменнен суды жоғары көтеруде тасымалдаудың жаңа түрлерін тауып дамытып отырды. ХIV-ғасырдың аяғында ХV-ғасырдың басында көтеру-тасымалдау жұмыстарын жеңілдетудің әдістері өте жақсы дамыған елдің бірі Ресей болды. Орыс механиктері бу қозғалтқышын ойлап тапқаннан кейін техниканың дамыған кезеңі басталды. Ресейдің жер астындағы шахталарында кендерді жер бетіне көтеру үшін жүк көтеретін арабаларды ойлап тапты.....
9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтетін ерекше мереке. Жеңіс күні бір уақытта қуанышты,әрі қайғылы . Қуаныштысы , себебі Кеңес әскерлері нацистік Германияны жеңді, ал көңіл көңшітері өйткені жеңіс бізге өте қымбат бағамен берілді. Еске алайық соңғы оқиғалар, соғыс, жеңіске жетуге қалған санаулы күндер… Тарихқа шолу Кеңес әскерлерін жеңіске деген қадамы 1945 жылдың қаңтарында, Польшаға және шығыс Пруссияға шабуылдан басталды. Кеңес Одағының әскері біртіндеп германдық бөлімдерді уақытынан бұрын......
Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары.
Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.
Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.
Иә, біздің бас кейіпкерлеріміздің көбі осы Маңғыстауда туып-өскен. Ата-бабалары да осы араны көптен бері мекендеп келген. Бұған қандай дәлеліміз бар? Ғалымдар бұл өлкеде түйе бұдан мың жыл бұрын сақ - сармат заманы тұсында да болған дейді. Тіпті біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын, осы арадан көшпенділер бұл қос өркеш жануарды Үндіге де апарған деп жазады. .....
Есіл ерлер! Сендерге Алатаудай ескерткіш орнатса да лайық...
Онымен де орындарың талмайды... "Талапты" ауылынан қан
Автор
I
Арай бүгін ала сиырды жаңа түскен келініне сауғызды. Шашағы кере қарыс қыжым орамал бүркенген келін екі күн бойы шымылдық ішінде отырып еді, бүгін енесі оны ерте тұрғызып, тұңғыш рет үй шаруасына қосты.
— Сиыр сау, келін. Өз малыңа ие бол енді, — деді.
Арайдың арманы көп еді. Көбелек қуған баладай көп жүгірді.
Біреуіне жетті, біреуі жеткізбеді. Әсіресе аңсағаны — келін түсіру еді. Дәл бір өзі қайта жасарып, жас келін дәуренін өзі бастан қайта өткерердей күтті ғой бұл күнді. Ауылдас абысыны Зергүл:
— Әй, байғұс, сенде де арман бар ма. Бейнеттен босап жаның кіріп қалды-ау. Біздің Туған бір шүйкебас тауып, мен келін түсірер де күн бар ма екен! — деп күрсініп кетті. — «Рең -басы да түлкінің баласындай сүп-сүйкімді екен. Бізге қандайы жолығады?»
Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы - болат найза! Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда. Бөкейді айт сағыр....
Жаңадан алған киімімізге байқаусызда бір нәрсе тамызып, төгіп алып, кетіре алмай жатамыз. Немесе қымбат киімді «бүлдіріп аламын» деп, киюге қимай, гардеробта тоздырамыз. Сондықтан назарларыңызға киім жуып, тазалағанда пайдасы тиетін кеңестерді ұсынамыз.
1. Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.
2. Ақ түсті жүннен жасалған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер