Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық Сабақ тақырыбы: Ғылымды, технологияны және қоршаған ортаның көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау; 10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу. Сабақ мақсаттары: Периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын сипаттау; Периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу.......
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі Сабақ тақырыбы: Ғылымды, технологияны дамуының және әлемнің химиялық көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.5 элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін периодтық кестедегі орнына байланысты болжау; 10.2.1.6 Периодтық заңның ашылуымен байланысты ғылымның негізгі даму салаларын атау; Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: - Элементтерді ПК орны бойынша сипаттайды; - Ғылымның дамуына Периодтық заңның ашылуының ықпалын түсінеді және түсіндіре алады; - Ұсынылған элементтің оксидніңі/гидроксидінің формуласын жаза алады; - Постер құрастыру үшін ПК ақпартатты қолдана алады; Оқушылардың көбісі: - Периодтық кестедегі орнына байланысты элементтің оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін ұсынады; Оқушылардың кейбірі: - элемент оксидінің, гидроксидінің және сутектік қосылысының қасиеттерін салыстыруда логикалық тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолданады; - ПК мен ПЗ маңыздылыңын сипаттау және түсіндіру алады......
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық Сабақ тақырыбы: Ғылымды, технологияны дамуының және әлемнің химиялық көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.5 Периодтық жүйеде химиялық элементтердің және қосылыстарының қасиеттерін болжау 10.2.1.6 Периодтық заңның ашылуымен байланысты ғылым дамуының негізгі бағыттарын белгілейді Сабақ мақсаттары: Оқушылар • Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттеріне сәйкес периодтық кестеде орналасуын болжау • периодтық заңның ашылуымен байланысты ғылым дамуының негізгі бағыттарын атайды • әлем үшін периодтық кестенің дамуының маңыздылығын және үлесін түсіндіру.....
Стамотология-тіс құрылысын зерттейтін ғылым.Тістер-қатты жасушалардан тұратын,азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті құрылым.Жануарларда қорғану және шабуыл үшін қару ретінде қолданылады.Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін күлудегі маңызды компонент.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады.Тістерде сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі.Балаларда сүт тіс 3 айдан бастап 1жас шамасы аралығында шығады.Сүт тістер 6-12 жас аралығында біртіндеп тұрақты тістерге алмастырылады.Тістер пішініне қарай күрек тіс,ит тіс,кіші және үлкен азу тістер болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты,оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі ,және екі түбірлі және үш түбірлі юолып бөлінеді.Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тісжәне ит тіс жатса,үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі,ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.Тістің барлық саны-32.Олар адамның аузында үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады.Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.Әрбір тістің үсті ақ түсті зат-эмальмен/кереукемен/қапталады,оның астындақатты затдентин жатады.Адамның тісі- оның негізгі мәшинесі.Өйткені қандай тамақ болмасын тіспен шайнап жейді.Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды.Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.Тістің түсіп қалуы ауыз гигиенасын сақтамағандықтан болады.Сол себепті тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.Ауыз қуысының жеке гигиенасын негізгі -тістерді дұрыс және үнемі дұрыс тазалап отыру.Адамның ауыз қуысында үнемі бактерилар жүреді.....
Табысты болу дегенде адамға келешекте өзің қалаған мамандығыңның зейнетін көру деп білемін. Ол бәсекелестік қабілетінің бір көрінісі болып саналады. Деректер арқылы таразылап көрсек, бәсеке –ол заманның сұранысына жауап беретін тауар өнімдері. Ал, мен сияқты болашағымды жазушылықпен байланыстырғым келетін жастар, не жазсақта заман ағымымен үндесіп, халықтың айтатын ойымен дәл келуі, халықтың жүрегінен шығатын тақырыпты таңдап алуымызда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»-деп айтпақшы, тақырыпты «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын басқа әлемге атын жайып, ақпарат беру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жетік білуге, жаңа дәуір әдебиетін «Ұштұғырлық тілде» таратуға өзімді даярлаудамын. Мемлекеттік тілдің жаһандық жаңару әлемінде қазақ поэзиясымен прозасында болып жатқан ақын- жазушылардың шығармаларын үш тілде тарату, алдыға қойған мақсатым деп айтуға болады. Тіл арқылы осынау қоғамда насихатталуы тиіс, жақсы дәстүрлермен замануи адамшылық істер, кейде талас тудыратын, адами рухани жаңғыртатын көкейкесті мәселелерді ұсыну, адамның асыл мұраты екенін ұғындыруға тырысудамын. Мен, өзім тұратын Ақтөбе өлкесінің жаңалықтарын бүкіләлемге паш етуді, қарапайым еңбек адамдарын әңгімелеріме қосып, қазақ елінің қайсарлығын, бірбеткейлігін, намысқойлығын, ержүректілігін өз әңгімелеріме арқау етпекпін. Біздің батыста орналасқан облысымызда химиялық элементтер көп, бай жер. Мұнай өнімдерін, хром рудасын, мыс концентраты, алтын кендерін шығаратын екіжүзге жуық кәсіпорындарда әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштерін арттыруда, өңір халқы үлкен үлес қосуда. ....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көрінісін жасау. «Үйшік» орыс ертегісі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды.Суретті жоспар/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.....
Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр. Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы. Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ пайдаланылған. Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой – пікір айтады: «Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді». Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады. Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды. Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі қазақ тілін жатқыза аламыз. Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда қолданылуын бағдарладық. Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып талдау болатын.....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр. Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан. Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі". Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты. Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді. Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді. Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады.....