Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері. Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Көне қалалар. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату Сабақ мақсаттары: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақ құрастырады; сұрақтарға жауап береді; туынды сөздерді табады.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу. Еліміздегі ерекше көпірлер. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану Сабақ мақсаттары: өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану....
[quote]Отыр едім үй алды төбесінде, Ән-күйдің мініп алып кемесіне. Жарқ етіп Жамбыл өзі келіп қалды, Болсашы келет деген тегі есімде! Қарсы алдым сәлемдесіп, құшақтасып, Қуанып «Киров» колхоз дабырласып. Ауылдың ақсақалы, басшысы да Шулады Жамбыл, Жамбыл, Жамбылдасып!.. Үйіме Жамбыл келіп кеште түсті, Ұмытпасам, дәл сағат бесте түсті.......[quote]
Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі: • 1. Сөз ( словесность ) • 2. Суретшілік ( живопись ) • 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау. • 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ). • 5. Ән-күй ( музыка ), т.б. Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз. Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды. Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. ....
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты. Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының негізгі тірегі, республика үшін жаңа Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы бояумен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды. 1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Мұндай жағдай суретшілерді де таңқалдырды. Суретшілердің көзқарастары өзгерді. Олар жаңа ағымның шегарасынан перформанс, хеппининг, инсталляция, инвайронмент тәрізді «контемпорари артпен» айналысты яғни заман ағымына сай өнерге бет бұрды. Сондай-ақ кейбір суретшілер заманның өзгеріп жатқанына қарамастан, авангардшыларды елемей, өз жолымен бұрынғы қалпында, еш құбылысты өзгертпей, туындыларын бұрынғы қалпында сақтап кете берді. Біздің өнерімізде үлкен шығармашылық жарылыс болды. Тоталитарлық мемлекеттен босатылып, жаңа бір ғажап сезімге ие болған сәттен жаңа идеялар туындады. Көптеген суретшілердің бағыттары өзгерді. Суретшілер достық, авангардтық стильді ұстана отырып топтар құрды, керемет көркемөнердің шығармалары туындады. Суретшілер арасында 1990 жылы Шымкент қаласында топтар құрылды: «Трансавангард. Структурная школа», 1995 жылдан бастап, «Қызыл Трактор» деп аталды. 1993 жылы «Пестрая вода» тобы ашылған болатын. Бұл топтағы суретшілер акварельмен, темперамен жұмыс істеді. ....
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік. Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды. Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты - жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру. Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. .....
«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады. Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен. Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған. «Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»). Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. ....
Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт. «Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: а) Санамақтар (считалки); ө) Бесік жыры (колыбелъная); б) Төрттүлік жыры (про животных); в) Ойын өлеңдер; г)Өтірік өлеңдер; ғ) Тақпақтар; д) Қаламақтар (жеребьевки); ж) Арнау-тілек (заплички); з) Мазақтама (дразнилки). Бұлайша жіктеудін негізінде өлеңдердің түр-сипаты, мазмұны алын-ғаңдығын ескерткен балалар әдебиетінің сыншысы: «Қаламақ», «Санамақ» тақпақтары жекелеген қызметтерді, ойын жүргізушіні тағайыңдау үшін айтылса, «Соқыртеке», «Үй артыңда қол ағаш», «Кім ұшты?» ойын процесінде тұтастық тауып, әр түрлі кимыл-қозғалыстармен бірлікте, ырғақта айтылады. Олардың танымдык, тілдік маңызы зор» Екі жастан он үш жасқа дейінгі бала негізінен кимыл, ойын баласы. «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күңдей нұрлы шағымда, Күнге жетем өрмелеп!» — деп келетін елең шумағын қай жастағы бала дөңгелене айтсаң, жарасымды. Тәрбиешілер арасыңда «бой сергіту өлеңдері» деген термин бар да, «тақпақ» тек қана сабақта жаттатылатын өлеңдер деген түсінік қалыптасқан. ....
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. ....