Көліктердің дамуы (5 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көлік және жол белгілері
Сабақтың тақырыбы: Көліктердің дамуы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О6.Оқылым стратегияларын қолдану.
Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген мәтіндердегі нақты ақпараттарды анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, шешім шығарады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ескі көліктен қалай құтыламыз?

"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қара­шасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба бас­тал­ғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Кеңестер
Толық

Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды

Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.

Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.

"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр.....

Жаңалықтар
Толық