Көліктердің дамуы (5 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көлік және жол белгілері
Сабақтың тақырыбы: Көліктердің дамуы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О6.Оқылым стратегияларын қолдану.
Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген мәтіндердегі нақты ақпараттарды анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, шешім шығарады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру және мазмұндау
О1 Ақпаратты түсіну
Сабақ мақсаттары: Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады
Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды.
Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сын есім, т.б.) пайдаланады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қоғамдық көліктер (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Қоғамдық көліктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.2.5.1 Халық ауыз әдебиеті үлгілерін (мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады
1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады.
1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып жеткізеді
Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады.
Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып мәтін жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру

Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.
Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.
Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2].
Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.
Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:
- көлік шығындарын азайту;
- қозғалыс қауіпсіздігі;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3].
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Transport (Көліктер)

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Көрнекіліктер: Көліктер бейнеленген плакат.
Билингвиалдық компонент:
A car - көлік
an airplane - ұшақ
A bus – автобус
a bicycle - велосипед
A ship – кеме
A train – пойыз

Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрып, жүректі бір - бірінің қолына беріп болашаққа кім болғың келетінін айтыңдар.
- Good morning, children!
- How are you? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көліктер

Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина - машина - car, ұшақ - самолет - plane, пойыз - поезд - train, қайық - лодка - boat, көлік - транспорт.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастырушы - ізденуші
Рефлексивтік - түзетуші

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді бастайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері

Кіріспе
Динамикалық қатардың мәліметтері тенденциялық өзгеруі мүмкін (өсуі, кемуі) және тербелісте болуы мүмкін.
Мәліметтердің тербелісте болуына кездейсоқ жағдайлар әсер етеді, оны кездейсоқ тербелістер дейді, маусымдық құбылыстар әсер етеуі мүмкін, оны маусымдық тербелімтер дейді.
Маусымдық тербеліс – белгілі бір уақыт периодында қайталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
 Маусымдық индексті анықтап, келесі жылға болжам жасау;
 Берілген мәліметтерге сүйене отырып, регрессиялық талдау жасау.
Маусымдық ауытқу қазіргі кезде қай салада болмасын жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе ол ауыл шаруашылығында, көлік, сауда, құрылыс салаларында кездеседі.
1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ескі көліктен қалай құтыламыз?

"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қара­шасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба бас­тал­ғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Кеңестер
Толық