Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мәңгілік көктемім - МАМА (5 сынып)

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардыңоларғадегенізгіниеттерінкөрсету.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу...
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Келе бер көктем

Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Сөздікпен жұмыс: Шуақты, жер көйлегі.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап
Қос тілді түсінік беру: Көктем – весна, ай – месца, құс - птицы, гүл - цветы
Көрнекі құралдар: Көктем суреттері, құстар
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайды.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көктем аруы байқауы

Мақсаты: Кішкене бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында сөйлеуге баулу, өнерлерін шыңдау, тапқырлыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Әдемі әуен айналып турады
- Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той!
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп!
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Уа жамағат, халайық!
Баршаға жар салайық.
Арулар мен аналарды ортаға шақырып,
Қол соғып қарсы алайық!
2. Арулармен таныстыру
1. Сары балапан секілді,
Бір бүлдіршін келеді,
Күлімдеген көздері
Жанға жылу береді .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Шуақты көктем

Мақсаты: Музыканың жан - жақты ырғақтары туралы әңгімелеу, оларды ажырата білуді түсіндіру. Тіл байлығын молайту, әнге құштарлығын арттыру, ән арқылы ой - өрісін дамыту. Әнді сүйіп тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем мезгілі бейнеленген, құстардың, талдардың суреттері
Сөздік жұмыс: көктем, жаңбыр, күн, сәулесі, бұлт, тал
Биллингвалдық компонент: көктем – весна, жаңбыр – дождь, күн – солнце, бұлт - облоко, тал – дерево

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді.
- Балалар, бүгін көктемнің алғашқы күні!
- Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Құлақтан кіріп бойды алар, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көктем жаршысы құстар

Құстар – көктем жаршысы
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза мөлдір көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Қош келдіңіздер!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Көктем күні әдемі

Көктем күні әдемі,

Жерде гүлдер өскенде.

Көктем күні әдемі,

Жерде шөптер өскенде.

Көктем күні шуақты,

Гүлдер, шөптер қуатты.

Ешкі, төлдер туады,

Барлық бала қуанды.

Тақпақтар
Толық