Қаржы | Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік фирмалардың даму

Экономикалық процестердің жандануы тауар өндірісін индустриализациялау негізінде объективті түрде кәсіпкерліктің дамуына алып келеді.
Кәсіпкерлік фирмалар қазіргі кезде қоғам процесін экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы.
Кәсіпкерлік фирмалар – ірі көлемдегі бастапқы инвестицияны талап етпейді, және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына
еркіндік бере отырып, экономиканың қайта құрылымдық проблемаларын жылдам және тиімді шешуге қабілетті.
Кәсіпкерлік фирмалар нарық коньюктурасының өзгерістерін шұғыл қабылдай отырып, экономикаға қажетті ормдылықты береді. Ол сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне тез бой бұрып, соның есебінде нарық тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, экономикада бәсекелестік ортаның қалыптасуына мәнді мүмкінлік береді.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны қағидалары және даму шарттары

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»[1, 4б.].
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» жолдауында шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар аударды.
Мемлекет басшысы Үкіметке заңнаманың ұсақ, шағын, орта және ірі бизнестің нақты айыруға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізуге тапсырма берді.
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ШҚО бойынша филиалына кәсіпкерлер субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы критерияларының мүлдем жетілмегендігіне қатысты өз проблемаларымен жиі шағымдарын білдіреді.
Шағын және орта бизнес үшін заң бойынша корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, олар үшін ҚР Әкімшілік кодексі бойынша әкімшілік айыппұлдар көлемі әлдеқайда төмендетіліп белгіленген. Лицензиялау, жер учаскелеріне құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған.
Бұл мүлдем дұрыс шешімдер, алайда шағын, орта....
Бизнес және қаржы
Толық

Кәсіпкерлердің құқықтары заңмен қалай қорғалады?

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика......
Кеңестер | Бизнес және қаржы
Толық