Кіріспе Адамзат қызметінде ерекше орын алатын «кәсіпкерлік» ұғымы жөнінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) «Кәсіпкер болу – басқаның жасағанын жасамау» деген болса, келесі француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) ол жөнінде тұжырымдаманы былай жасаған: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Сонымен, «Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды. Экономикада кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын бірінің орнына бірін қолдану қолданып жатады, негізінде ол екеуі тығыз байланста болғанымен, екуінің қызметі ерекшеленіп тұрады. Бизнес табыс әкелетін қызмет түрі болса, кәсіпкерлік ол новаторлық қызмет. «Кәсіпкерлік қабілет» экономика ғылымында кездесетін ұғымдардың бірі. Ондай қабілеті бар адам бизнесте жаңалық ашу қабілеттілігіне ие болушы адам немесе кәсіпкер болады. Сонымен, экономикалық қызмет түріне жатқызатын бизнес адамға табыс әкеледі деп есептелсе, кәсіпкерлік қызмет жаңа ізденіс арқылы осы істі тәуекелмен жүзеге асыру.....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты. Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі. Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады. Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды. Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне: - біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса; - екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері; - үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру; Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады. Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.....
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды. ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді. ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды. ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды. Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық. Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді. Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз : Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ 23,51 статьясында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді. ....
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей: • Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі • Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі • Бюджетке салықтың тұрақты түсуі • Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану • Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту • Қалықты жұмыспен қамту • Саяси және әлеуметтік тұрақтылық Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып табылады және өзгермелі экономиклық ортаның жағдайына бейімделу, залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты. ....
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес. Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс. Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3]. Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады. ....
Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады. Қазақстан Республикасының территориясында күші бар Заңнамаларға сәйкес инвестициялардың, соның ішінде, меншік түріне тәуелсіз шетел инвестицияларының қорғалатындығына кепіл беріледі. Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құқықтық құжат келісімшарт болып табылады. Ұйым инвестицияның көлемін,бағытын, өлшемін, тиімділігін өздігімен анықтайды. Сонымен, инвестицияның экономикалық категория ретіндегі ұғымы өз алдына инвестициялық ресуртарды қалыптастыру бойынша экономикалық жүйені танытады. Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады ....
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ. Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде. Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын. Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. Несие алып өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда келтіріп қоймай, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады. ....
Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет. Берілген курстық жұмыста жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын өтпелі кезең ретінде қаралып отыр. Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну. Ашық заңдық негіздер құру, әкімшілдік тосқауылдарды жою, кәсіпорындар мен акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру қарастырылған. Курстық жұмыстың міндеті: - Салық экономикадағы маңызын анықтау - салық салу тәртібі мен нрекшеліктерін зерттеу - арнаулы салық режимін ің кәсіпкерлік қызметін дамуындағы орнын көрсету салық салу жүйесін оңтайландыру әдістері мен жолдарын ұсыну. Курстық жұмыстың жазылуы барысында қолданылған әдістер: аналитикалық-эксперттік, монографиялық, интерактивтік, салыстырмалық. ....
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ. Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде. Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын. Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. ....
Салық жүйесі мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығының, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметінің жиынтығын құрайды. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерінің түсімдерінің негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта саяси - әлеуметтік шараларды толығымен іске асуға мүмкіндік жасайды. Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 - желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін қүрудың ең алғашқы бастамасы больш табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердщ бірегейі екендігі айқын. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бүрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе -теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың қүқыктық негізде жүргізілуі т.б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгелеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі. Салық - мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі болып табылады. Президенттің нақты тапсырмаларының ішіндегі аса өткір әлеуметтік мәселе ретінде толық көлемде зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді қамтамасыз ету қойылқатар салық жүйесіне де уақытгық өзі үлкен міндетгер жүктеліп отыр. Саңғы жылдары салық жүйесін арқылы бюджет кірісін молайтуда бірқатар жаңа үлгілер тәжірибеге енді, кадрлармен жұмыс сапасы жақсарды. Сонымен қатар жергілікті ауылдық аймақтардағы төлеушілердің есебщ толық, уақгылы алу. Олардың белгіленген тәртіпте мәлімдеме тапсыруы, оңайтылған салық салу жолына көшу жайлары емулі нәтиже беруде.....