Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардыңоларғадегенізгіниеттерінкөрсету. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу...
Адам баласы , адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды ,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты . Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.......
Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі) Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт – дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету. Керекті құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст – қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық – тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған – аса құнды құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді. Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін......
Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту. Тәрбиелік: әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Ноутбук, Технология: «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Аспаздық» Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қәне амандасып алайықшы. Балалар: Сәлеметсіз бе! Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық. .....
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан республикасында -Қандай рәміздеріміз бар? Ту, елтаңба, әнұран -Елбасымыз кім? -Н. Назарбаев Әнұран: Тақпақ: .....
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты Айын сәуле таратты Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. - Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін! Елбасымыз аман болсын, Еліміз тыныш болсын! - Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады? - Ту, Әнұран, Елтаңба. - Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық. - Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме? - Иә, өте жақсы көреміз. - Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
Тақырыбы: Достық мерекесі Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету. Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту. Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, ДVД, теледидар, сурет салу құралдары. Салалық байланыс: Шығармашылық, таным. Мотивациялық қозғаушы: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі. - Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші. - 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі. Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі. Іздену ұйымдастырушы: - Балалар біздің ұлтымыз қандай? - Қазақ - Біз қай тілде сөйлесеміз? - Қазақ тілінде. Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. .....
«Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп»- деген дана Абай атамыздан қалған нақыл сөздің адам өмірінде оймақтай ойып орын алатыны сөзсіз. Әрине, біліммен көзің ашылады, қоршаған әлемді, жаратылысты танисың. Содан қалған болар «Оқымаса бір бала, оқыса екі бала». Өнер – білім өн бойыңа мектеп табалдырығын аттап басқалы жинала бермек, толыса бермек. Мәпелеп өсірген әке- шешең, алғашқы тәрбиешілерің, отбасыңда қалып , енді сен білім нәрінен, тұнығынан сусындататын, киелі мекен, мектептің, төрінен табыласың.......
Дайындағандар: Май ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Бұл күннің маңыздылығын баяндау. Тіл байлықтарын молайту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Мерекелерге белсене қатысуға тәрбиелеу. - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Отан- сенің ата-анаң, Отан- досын, баурың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалсын. Құттықтау сөзі мектеп директоры А. О. Нургожинаға беріледі. Біздің Отан – байтақ, Көп ұлттың мекені. .....
Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы Тақырыбы: Тәуелсіздік күні Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. - Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан Республикасында. - Қандай рәміздеріміз бар? - Ту, елтаңба, әнұран. - Елбасымыз кім? - Н. Назарбаев. Әнұран айтылады......