1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент күні құтты болсын!)

«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, қуанған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда арман жоқ !»

- деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай. Қасым ағамыз айтқандай, неткен керемет елім! Далам қандай , қалам қандай, шексіз, шетсіз даладай. Елім менің, жерім менің сен неткен бақытты едің! Осындай елде туған менде арман жоқ шығар. Мен бақыттымын! Бақытымның түбі шексіз. Мені мәңгілікке бақытты қылған ол кім десеңдер......
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Президентім!)

«Кіндігін тауып Ұлы Даланың, Алдымнан шықты күліп арманым. Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың, Көшесіндегі гүлі боламын.»,-
деп ақын ағаларымыз жырлағандай.
Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен мақтанамын. Атамды шын жүректен « Тұңғыш Президент күнімен » құттықтаймын! «Жыл адамы» атағы 1993 жылдан беріліп......
Шығармалар
Толық

4 маусым - Рәміздер күні (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)

Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік, өзара үйлесімде орналастырған жанды-жансыз заттардың бейнелеріннен құрастырылды. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, азаматтардың......
Шығармалар
Толық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін-ақ,өзінің белсенділігін, өнерлі халық екендігін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтыралықтай айтар болсақ, әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы. Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия,таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына. Рәміздер дегенде менің ең бірінші ойыма келетіні, халықтың салт-дәстүрі, ұлты, тілі, тари-хы бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып, көркемделіп баяндалған. Мысалға алар болсақ:біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени......
Шығармалар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - тұғырым)

Қарт тарихпен тілдессек, ұлы дала қазақ деген халықтың жер бетіндегі ізі үш мың жылдың төңірегінен көзге түседі екен. Арғы тегі ғұндар мен сақтардан құралған халық содан бері – ақ жерін жатқа жайлатпай, елінің еркіндігін қорғап келеді. Әлемге апат әкелген Шыңғыс шеруді де, жоңғарлардың жойқын шабулы да оның атын жер бетінен өшіре алмады. Өте арыға бармай-ақ «Ақтабан шұбырынды» заманыны үңілсек, тұлпар мініп, беліне қылыш байлаған........
Шығармалар
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім)

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Атамекен- ата-бабаларымыздың қоныс тепкен жері, асыл мекені. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бұл ұғымдарды айтуымның басты себебі - Тәуелсіздік. Атамекен, Туған жер сөздерін «тәуелсіз» деген ұғымсыз айту мүмкін емес. Тәуелсіз болу- егеменді, байтақ ел болу. Мен Тәуелсіздікті қанатын кеңге жайған қыран құсқа, шапса бәйге бермейтін сәйгүлік тұлпарға, түпсіз тұңғиық терең теңізге, тамырын тереңге жайған алып ағашқа теңеймін. Тәуелсіздіктің бізге......
Шығармалар
Толық

Әлемнің жарты байлығы небәрі 8 адамның еншісінде

Әлемнің жарты байлығы небәрі 8 адамның еншісінде. Олардың байлығы ғаламшардағы ең кедей бөлігін құрайтын елдердегі 3,6 миллиард адамның байлығымен тең екен, деп хабарлайды РБК порталы OXFAM халықаралық ұйымының есебіне сілтеме жасап.

Бай адамдар тізімінде: Microsoft компаниясының құрылтайшысы Билл Гейтс (75 миллиард долларов), Inditex экс-президенті және Zara киім дүкендері желісісінің басышысы болған Амансио......
Жаңалықтар
Толық

Қазақ Тәуелсіздігіне - 25 жыл

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің.......
Әңгімелер
Толық