Мерейтой: 40 жас, 50 жас, хрусталь той, фарфор той, 60 жас, 70 жас, 80 жас, тас тойы

       Қазақ халқы мерейлі мерекені атап өтуді жөн санаған халық. Үлкенге ізетпен қарайтын дана халық ізгі-тілегін өлең жырлармен, әдемі сөздермен жеткізе білген. Дүбірлі той жасап, қонағын сыйлаған. Сондай мерейлі мерекеге арналған құттықтау-тілектерімізді ұсынамыз.


      Егерде көп жыл бас қосқан (ағаш той-5 жыл, раушан той-10 жыл, хрусталь той-15 жыл, фарфор той-20 жыл, күміс той-25 жыл, інжу той-30 жыл, маржан той-35 жыл, лағыл той-40 жыл, алтын той-50 жыл,гаухар той-60 жыл, темір той-65 жыл, тас той-67,5 жыл, игілік той-70 жыл, тәж той-75 жыл) тойларына барып қалсаңыз, пайдасы тиер деген үміттеміз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Күміс той - 25 жылдық той (отау құрғанға 25 жыл)

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Күміс алу

«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.
Ән: «Туған жер»......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күміс алу

«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күміс қыс

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Күміс қыс»
Ертеңгілік жиын:
-Балалар, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды. Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастыралық.
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күмістің дәрілік қасиеті

Күмістің емдік қасиеті аса жоғары. Ол тістің қызыл иегін бұзылудан сақтап, бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазалайды. Ендеше, бұл металды адам организміне қалай жеткізуге болады?

Мұның ең өнімді жолы - күміс қасықтарды пайдалану. Әсіресе, қасық жұмсақ қақтаған ақ күмістен жасалса. Сонда ғана оның иондары сумен бірге организмге сіңеді. Мұны күміс қасықтың шетінің «мұжылуы» айқын аңғартады. Үйіңіздегі күміс қасықтың шеті қаншалықты көп мұжылса, денеңіз күміс иондарын соншалықты көп сіңірді, пайдаланды деп түсінуге болады. Әсіресе, күміс қасық жас балаларға пайдалы, күмісті бала организміне жеткілікті бергіңіз келсе, әр түрлі дәмді тағамдарды балаға күміс қасықпен қою күйінде беру керек. Сол кезде бала қасықты аузына көп ұстайды да, оның организміне көп тарайды. ......
Кеңестер
Толық

Күмістің қасиеттері туралы білесіз бе

Күміс – адам денсаулығына өте пайдалы. Иммунитетті нығайтады, микробтардан тазартады, жүректің қызметін жақсартады, қан қысымын төмендетеді, ісіктің жойылуына көмектеседі, сондай-ақ оны тері аурулары бар адам тағып жүруі керек. Сондықтан оны медицинада да қолданады, кейбір құрал-жабдықтардың құрамына күміс қосылған.

? Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген. Қазіргі кезде де әрбір үйде күмістен жасалған бұйымдар бар. Кішкентай сәбиді қырқынан шығарарда дені сау болсын деген ниетпен күміс салынған суға шомылдырады. ......
Кеңестер
Толық

Ерлан Күмісқалиев

Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.

Тарихы
2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады.
Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық