Күләш Ахметова (Кенен)

Дақпыртына даңқтың бөленбеген,
Өзі тарих, өмірі — өлең Кенен.
Мезгіл өзен,
Барарсың болашаққа
Әніңді алып өзіңнің кемеңменен.
Жүрегіңнен туғызып сөз бен әнді,
Бозторғайдай жырладың боз далаңды,
Сұлу сөзің жараның бетін сылап,
Нәзік әнің сезімді қозғаған-ды.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Мәдидің монологы)

Әнге туған ақының ем, елім-ау.
Абақтыда қамалғаным не мынау?
Қандай қорлық,
Аппақ ойды қаралап,
Ақ-қараны ажыратып танымау.
Ерінетін жіберуге тереңге ой,
Жалқаулыққа есең кетпес ел ең ғой.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Мұхит)

Дарындыны жақтадым сөз алдым да,
Даусы қалған далада, бозаң құмда
Мұхит десе,
Мұзды да, Үнді де емес,
Мұңды Мұхит тұрғандай көз алдымда.
Махаббаттың сездіріп демін, өртін,
Жомарт жүрек шынайы егілер тым.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Данышпан)

Ұлы ақынның кітабын берші маған,
Достары кім суытпай хал сұраған?
Дұшпаны кім ақынға қарсы надан?
Ақырғы рет қамығып қарағанда
Кім түсініп жүрегін қансыраған,
Кім сүртті екен көз жасын тамшылаған?..
Даналыққа кез болған дайындықсыз
Шулы тобыр, ерсі орта, көрші-қолаң.........
Өлеңдер
Толық