Кішкентай бала мен жігіттің әңгімесі...

Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр.Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін,жігіт шыдамай:

-Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың?

Кішкентай бала:
-Ал, менің атам.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қарындасыма туған күнге арналған құттықтау тілектер

Құрметті оқырмандар! Қарындасқа, қарындасыма арналған туған күніңмен құттықтау тілектер, өлеңдер жарияланды!

 Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да.... 

Құттықтау, тілектер
Толық

Бөбекке, Жаңа туылған балаға арналған тілек пен құттықтау

Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Қуандық Шамахайұлы - Кішкентай адам

Ірі мекеменің қарауындағы бір шағын ғана орталықты басқаратын Кішкентай Адам үйіне барып түстенген соң жұмысына қарай жетіп алмақшы болып, автобусқа жайғасқаны сол еді, қалтасындағы телефоны безілдеп қоя берді. Хабарласып тұрған хатшысы болса керек. Орталық деген аты ғана болмаса, онда бар-жоғы екі-ақ адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – компьютерде мәтін теретін бір жас қыз және қабырғасы бір есікпен ғана бөлінетін табыттай тар екі бөлме. Төр жағында өзі, есік аузында хатшысы жайғасқан. Соған қарамастан, аты дардай. «Ұлы дала мұраларын бүгіншілеп тану орталығы» деп аталады. Орталықтың басшысы...
Әңгімелер
Толық

Кішкентай ару - 2013

Мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін - өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету.
Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары:
1. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
2. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап)
3. «Шебердің қолы ортақ» (гүл қиып жапсыру)
4. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
6. Сән үлгісін көрсету
Мұғалім сөзі: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Менің кішкентай Отаным

Туған жер – адам өмірінде ең үлкен орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін қымбат жер Қызылөзен селосынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Сол кезде ол маған өте үлкен болып көрінетін . Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ теңіз жағасында серуендеп жүретін адамдар көп болатын.. Қазір үлкейдім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше
– менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.......
Шығармалар
Толық

Талапты жасқа атаның өсиеті

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен. Баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап дүниелік әкелуге бір шаһарға жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы: «Әке, неге күрсіндіңіз?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде әкесі:
— Балам, сенің жастығың есіме түсіп отыр, сен ересек болсаң осы балалармен бірге сонда барып келер едің ғой, – депті. Әкесіне сөзін аяқтатпастан, баласы......
Ертегілер
Толық

Арлы бала

Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады.
Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды.
— Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, а? – деп бір мосқал жылтыр қара балалардың әрқайсысына бір қадалады. Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді.......
Ертегілер
Толық

Ақ ниет пен Қара ниет

Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Ертегілер
Толық

Толарсақ

Баяғыда Қаһар деген хан болыпты. Дүниеге көзі тоймайтын ашқарақ, адамға жаны ашымайтын қанішер жауыз екен.
Ханның Шомбал ноян деген күшіне даңғойлығы сай ызақор, морт мінезді қолбасысы болыпты.
Қаһар хан кезекті жорықтарынын бірінде женіске жетіп, ұлан-асыр той жасапты. Сол замандағы елдің ғұрып-әдеті бойынша мұндай ұлан-асыр тойда өнерпаздар елдің ерлерін, айбынды......
Ертегілер
Толық