Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?
Адамға жын кіреді деген әңгіме шындыққа жанаса ма? Жалпы жын кірген адамның белгілері қандай? Қоғамда жиі сөз болып жүрген адамға жын кіруі туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.
Адамға жын кіреді деген әңгіме шындыққа жанаса ма? Жалпы жын кірген адамның белгілері қандай? Қоғамда жиі сөз болып жүрген адамға жын кіруі туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.
«Сондай өсім жегендер, (қабірлерінен) жын соққандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне, солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 275-аят).
«Әъузу билләһил ъазим, уә биуәжһиһил кәрим, уә султаниһил қадим, минәш шайтанир ражим» /Бисмилләһ уас-салату уәс-сәләму ъала расулилләһ/ «Аллаһуммәф-тәхли әбуәбә рахматик».
(Ұлы Аллаға, Оның ардақты дидарына және Оның ежелгі билігіне лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын. (Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын!) Я, Алла! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр!)
«Бисмилләһ уас-салату уәс-сәләму ъала расулилләһ, Аллаһумма инни әсәлукә мин фадлик, Аллаһумма иъсымни минәш шайтанир ражим».
Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын! Я, Алла! Шынында, мен Сенің кеңшілігіңді сұраймын. Я, Алла! Мені шайтанның азғыруынан сақтай гөр! дұғаларын оқу керек.