Балабақша | Ғажайып математика

Білім саласы; Таным.
Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті....
Ашық сабақтар
Толық

Кілемді қалай күту керек

Кілемдерді тазалаудағы бірінші қағида: Кілемді алдымен сыртқы жағынан, сосын барып бет жағынан тазалау керек.

Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады:

- 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді.

- 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып, кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. ......
Кеңестер
Толық

Төрт дәруіш – ұшқыш кілем

Баяғы заманда қара басы бақ-дәулетке емін-еркін болса да дүниенің ауыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп, жападан жалғыз келе жатады. Аты – Мұратқан. Сонда Мұратқан «не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп, ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген аң білмейді, қайтып кетуге ел-жұртымның қайда қалғанын тағы білмеймін. Көкте екенімді, жерде екенімді қазір білер жан жоқ» деп, төмен қарап аяңдап келе жатыр еді, адамша азынаған бір дауыс құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел-жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға мына дауыс бір түрлі қорқыныш сияқты да болады. «Я, Алла, бұл не ғажап, бұл жерде адам баласы жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса, алдына бір үлкен дәу таяп, төніп келіп қалған екен. Әлгі дауыс қоймай, мұны шақыра бергендей болды. Мұратқан бұл да өзімдей адам шығар деп, тауға қарай жүрді. Биік тауға таяп келгенде, бір үлкен құс сияқты нәрсені көрді. Мұратқан, басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады. «Ей, бері келгін», – деп дауыс берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты құс болады деуші еді, осы екен ғой, мұнан гөрі дұрыстау біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай жүрді. Бір заманда таудың басына жетті.......
Ертегілер
Толық

Үй жөндеу жөнінде кеңестер

Үй жөндеу кезінде, қалай айнаны жөндеу, кафель жапсыру, жиһаз қозғалту тағы басқа сияқты әрекет кезінде уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды жеңілдететін бірнеше нұсқаулар мен кеңестер келтірейік.

Кілем ілу
Бетон қабырғаны тескілеп әлектенетініміз бар. Сонда да ұстамай, кілемнің түсе беретінін қайтесіз. Қабырғаны да жырым-жырым қыласыз. Кілем ілудің тиімді әдісі – қармақшаларды текстил матаға тігіп, матаны бетонға ПВА желімімен желімдейді. Бұл істі атқарарда тұсқағаздың жоғарғы жағын сәл қопсытып көтеріп алады да, кілем ілінген соң, қайтада.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық