Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Толқын Забирова Қалиқызы (1970 жылы 17 қазан)

Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Білімі
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1979 - 1988 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген.
1988 - 1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы (1977 жылы 15 наурыз)

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әлия Жүсіпова Мақсұтқызы (1984 жылы 15 мамыр)

Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Жетістіктері
ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
ҚР үздік спортшысы (2004).
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматшасы (2004).
«Құрмет» орденімен (2004);
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.
2006 жылғы Азия чемпионаты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дариға Назарбаева Нұрсұлтанқызы (1963 жыл)

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген) — қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2019 жылғы 20 наурыздан бастап). Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

Еңбек жолы және саяси мансаптары
1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.
1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.
2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор
20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.
3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.
11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.
2019 жылғы 20 наурыздан бері — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанат Аймұхамбетова Әскербекқызы (1966 жылы 1 қаңтар)

Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, (1966)

Еңбекжолы
1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.

1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Салтанат Бақаева Ермекқызы (1987 жылы 24 қыркүйек)

Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).

Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген.
2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған.
2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі.
2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алтынай Жорабаева Құлажанқызы (1978 жылы 28 қазан)

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).

Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.
1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады.
Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жеңіс Ысқақова Ермағанбетқызы (1966 жылы 9 мамыр)

Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген.
1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан.
1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған.
1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген.
1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті.
Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті.
Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нағима Есқалиева Қабылқызы (1954 жылы 3 ақпан)

Нағима Қабылқызы Есқалиева (1954 жылы 3 ақпанда Алматы) - әнші, профессор. ҚР халық әртісі (1999).

Өмірбаяны
Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады.

Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.
Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген.
Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.
Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.
1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық