Сәлеметсіздер ме? Құрметті мұсылман қауым! Сіздерге, яғни әйелдерге арналған бес уақыт намазының оқу үлгісін мәтін және видео нұсқа ретінде Имам Әбу Ханифа мазһабы бойынша ұсынамыз. Оқыған намазыңыз қабыл болсын! Қандай да бір сұрақтарыңыз пайда болса, астына жазыңыз...
Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде, Қырғауыл жүні қызылда, Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......
Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, улайды. Есірткіге уланғандағы уақытша алдамшы «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше....
“КӨКТЕМ АРУЫ» байқауы Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей, бишара, мені қоя бер, сені мен мұратыңа жеткізейін»,—деді. Түлкінің тілін алып қоя берді. Түлкі босанып кетті.
Бұлардың уақытында Қайсар деген патша бар еді. Түлкі соған келіп айтады: «Сенің қызыңды балама айттырам деп, хан Елібай сізге жіберіп еді, сізден жауап алып кел деген еді»,—деді. Хан «беремін» деді. Бір жетіде келіп құда түспек болды. Ханның қолынан уағда қағазын алды да, түлкі кете берді. Бір жеті өткен соң жарлыны ертіп келе жатты. Бұрын жарлы атқа мініп үйренген жоқ екен, түлкі оны байталға мінгізіп үйретеді. Хан мен ауылдың арасында бір өзен бар еді. Түлкі өзеннің өткелінен өтті де, жарлының үстіндегі бар киімін суға тастап, өзін таза шомылдырды да, ханға кетті. Ханға келіп айтты: «Күйеуіңіздің айдап келе жатқан малы суға кетті, үстіндегі киіміне шейін, күйеуіңіз мықтылығынан бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шықты.....
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өмірінде алғаш рет біреудің қоқан-лоққы көрсеткенуіне тап болғанын айтты. Белгілі журналистің сөзінше, әлдекім желіде оған қорқытып хабарлама жазып жібірген. БАҚ өкілі бейтаныс адамқа өзінің қай қылығы ұнамай қалғанын да жайып салды деп жазады NUR.KZ.
Динара Сәтжан Instagram парақшасында белгісіз біреу өзіне қауіп төндіріп жүргенін хабарлап, оқырмандарын алағдатып қойды. Ол тележүргізушіге қоқан-лоққы көрсеткенімен, оны қорқыта алмаған.