Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Аксиаль роторпоршеньді машиналар аз өлшемдерде жоғары өнімділікпен және едәуір қысымдармен болып келеді, сондай-ақ олардың айналатын бөлшектерінің екпіні аз және реттеу дәлдігі жоғары. Бұл айтылғандар олардың қолданудың кеі аймағын қамтамасыз етеді.
Тау кен өндірісінде АПРМ-дар арнайы орындалған және сериялы шығарылатын машиналар ретінде қолданылады. Сериялы машиналар 1200л/мин-ке дейінгі өнімділікпен 20,0 МПа-ға дейінгі қысымға арналып шығарылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Акушерлік геникология ветеринарияда

Организмнің жыныстық қатынасқа пісіп жетілу қабілеті орын алғанда, денеде жыныстық қатынас гармондары пайда болады. Ол ұрғашы малдарда жыныстық циклдердің, ал еркек малдарда жыныстық рефлекстердің пайда болуымен белгілі болады. Мал түліктерінде жыныстық қатынастарға пісіп жетілу физиологиялық пісіп жетілуден ертерек болады.
Малдардан төл алу үшін олардың жасы физиологиялық пісіп жетілу қабілетіне келгенде ғана және ол малдардың салмағы төлдеген малдардың салмағының ең кемі 70%-на жету қажет. Малдың ең жақсы төл беретін мезгілдері: жылқыда 16-18 жасқа дейін, сиырда 10-12 жасқа дейін, қой, ешкіде 6-9 жасқа дейін, шошқада 7-10 жасқа дейін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акцион қоғам қаржысы

Елiмiзде өтiп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту ұшiн ғана емес, бұкiл қоғамдық өмiр ұшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулi өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мұддесiн қамтиды. Сондықтан бұған дейiн ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсiремейтiндiгiнiң, қайта арта тұсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтiң барлық экономикадағы негiзгi буын – бұл акционерлік қоғам.
Мiне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажеттi өнiм өндiрiлiп, қызмет көрсетiлуi тиiс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткенi акционерлік қоғамда ең бiлiктi кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды ұнемдеп жұмсау, жоғары өнiмдi техникалар мен технологияларды қолдану мәселелерi кең тұрде шешiледi. Акционерлік қоғамдарда өндiрiстi және өнiмдердi сатуға кететiн шығындарды мейлiнше азайтуға қол жетедi. Сол сияқты бизнес жоспарлар әзiрленедi, маркетинг қолданылады, тиiмдi басқару жұйесi – менеджмент iске асырылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғам Балхаш энерго ГЭС инвестициялық жобасын бағалау

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция-бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді, жаңа кәсіпорынды сатып алады,бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады.
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар.
Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активкеьақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғам Ертіс ГЭС инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері

Менiң курстық жұмысымның мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиiмдiлiгiн бағалау.
Өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады.
Компания қандай да бiр инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезiнде, оны зен қойып талдауы керек. Өйткен қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады.
Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады:таза келтiрiлген күн, таза терминалдық күн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi. Бұл көрсеткштер одан әрi жалғасулары мүмкiн, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиiрек қолданады.
Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу

Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды. Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы мүмкін. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынғаң мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШ тың қаржы жүйесі

АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.
АҚШ элем бойынша мұнай, табиги газ, тас көмір, т.б. өн-дірудеы бірінші орында. Автомобиль ендірісі, гарыш техникасы сияқты салалардан да элем бойынша алдыңгы қатарда. Өнеркэсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман жэне қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикалан-дырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.
Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қа-рым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), ¥лыбритания (5%), Германия (4%), Франция жэне Нидерландия.
Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапо-ния (11%), Қытай (5%), Германия (5%), ¥лыбритания жэне Тайвань.
Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 млн-га жуық адам, халықтыц өсу динамикасы....
Курстық жұмыстар
Толық