География | Арал теңізі

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 - 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады ....
Курстық жұмыстар
Толық