Социология | Қазақстандағы қайырымдылық қорлар

Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл - ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан- жақты айтылып, зерттеліп келуде.Әрине қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт.
Қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-« қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.
Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған жаңа ілімнің аудармасын қайта қарап, ондағы «caritas» және «love» деген сөзбен алмастырған, яғни «достық», «махаббат» деген сөздерімен береді. Шындығында алғашқы христиан дінінің іс- әрекеті мен ойы соның дәлелі. Осы тұрғыда алғанда оның қырлары көп, оларды басқа да әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар қарастыруда. Ал социологияға келсек, біз ғылым қайырымдылықты әлеуметтік институт, процесс ретінде қарап, осы құбылысты социологиялық нақтылы зерттеулер арқылы негіздейді. Қайырымдылық мәселесі социологияда ауқымы өте кең жан жақты проблема болғандықтан, оны социологияның бір саласы немесе салалық социология деп те түсінуге болады.Сонымен, қайырымдылық проблемасын зерттеу социология ғылымының міндеттерінің бірі деген тұжырым жасаймыз.
Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.
Бұл проблема жөнінен Кеңес Одағы кезінде ғылыми еңбектерді ізденулерде орын алмады. Ғылымда қайырымдылық өзекті мәселе ретінде қарастырылмады. Ал, шын мәнісінде Кеңес Одағы кезінде де нақты өмірде, мұқтаждық, жоқшылық, жетімдік көрген, азғындаған адамдар саны аз болған жоқ. Түрлі ауруларға шалдыққан, мүгедекте жетім- жесір адамдардың Кеңес Одағы кезеңінде орын алғаны белгі. Бұрынғы үкімет қаулыларында және партия съездерінде, әрбір бесжылдық жоспарларында халыққа жақсы тұрмыстық жағдай жасап үнемі жазылып, жарияланып отырды. Олар- жалақыны көбейтіп зейнетақы төлеу, көп балалы аналарды материалдық көмек жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тегін орта және жоғары білім беру, медициналық көмек тағы басқалар. Бұлардың түрлері көп болды. Бірақ, барлық халық бұл жеңілдіктермен түгел қамтылмады, қамтылғандарына көрсетілген ....
Курстық жұмыстар
Толық