Әдебиет | Қабдеш Жұмаділов

Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те «Дарабозды» өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде «Дарабоз» романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов – тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының «сөз өнерінің» шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал-мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов - әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең алдымен – ол шебер суреткер.
Мәселен, «Көкейкесті» романындағы Қарлығаш бейнесі, «Атамекен» романындағы Ғалия бейнесі, «Дарабоз» романындағы Назым бейнесі, сонымен қатар «Көкейкесті», «Атамекен» романындағы қала мен ауыл көрінісінен үзінді берілген. Сонымен қатар, диплом жұмысында романдардың идеясы, жазылу себептері, оған жасалған дайындық туралы да айтылып өтеді. Бұларды жазуға жазушының ғұмырнамалық романы көмекші болды. Өйткені, мұнда тек жазушының өмірбаяны ғана емес, сонымен қатар оның әр бір шығармасының жазылу тарихы баяндалады.
Дипломда, жазушының соңғы жылдары жарық көрген романдары да қарастырылады. Мәселен, жазушының 2002 жылы жарық көрген «Прометей алауы» романы жан-жақты талданады.
Қабдеш Жұмаділов жасының жетпіске жақындағанына қарамастан, жазушылық қызметін тастар емес. Соңғы жылдар ол бізді «Таңғажайып дүние», «Ақтайлақ би», «Прометей алауы», «Қыл көпір» сияқты романдарымен қуантып жүрді. Әлі де қуантатынына сенемін. Өйткені, бұл қаламгер ең соңғы демі таусылғанша өз қаламымен қоштаспайды. Ал бұл жазушы тірі тұрғанда, біздің әдебиет үшін қорқатын жөніміз жоқ. Сол үшін, бұл жазушыға тек ұзақ өмір тілеуден басқа ешнәрсе айта алмаймыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық