Әкімшілік құқық | ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін бұзу
1. Баспа басылымдарының бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін. сол сияқгы теле - және радиохабарлар материалдарын есепке алу, тіркеу және сақтау тәртібін бұзу, –
айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айьшпұл салуға әкш соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын немесе басылымын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу
1. Заңдармен белгіленген уақытты бұза отырып, темекі және алкоголь өнімдерін насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығаруға рұқсат беру, –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –өнім таралымын тәркілей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шығарылым деректерін жариялау тәртібін бузу ....
Курстық жұмыстар
Толық