География | Үнді мұхитына жалпы сипаттама

Кіріспе
Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар.
Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499жж)бері жинала бастады.XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Жұмыстың мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты Үнді мұхитының ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп,курстық жұмыс ретінде жазылып тарихы терең,қазынасы мол мұхиттың адам өміріндегі алатын маңызды орын мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті
Мұхитты зерттеу және оны қорғау-адам баласының маңызды міндеті.Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор.Қазіргі таңдағы арнаулы аппараттар,батискартар мұхит зерттеушілеріне қарамағындағы мұхитты анықтауға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық