Экономика | Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және Қор биржасы.

Кіріспе
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық –адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның инститтутары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық