Тарих | Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды. Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды. Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық