Саясаттану | Қазақстан Республикасының әскери саясаты

К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз" — деді. Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері. Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезеңі аяқталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық