Кәсіпкерлік | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктін дамуы

Кіріспе
Адамзат қызметінде ерекше орын алатын «кәсіпкерлік» ұғымы жөнінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) «Кәсіпкер болу – басқаның жасағанын жасамау» деген болса, келесі француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) ол жөнінде тұжырымдаманы былай жасаған: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Сонымен, «Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды.
Экономикада кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын бірінің орнына бірін қолдану қолданып жатады, негізінде ол екеуі тығыз байланста болғанымен, екуінің қызметі ерекшеленіп тұрады. Бизнес табыс әкелетін қызмет түрі болса, кәсіпкерлік ол новаторлық қызмет.
«Кәсіпкерлік қабілет» экономика ғылымында кездесетін ұғымдардың бірі. Ондай қабілеті бар адам бизнесте жаңалық ашу қабілеттілігіне ие болушы адам немесе кәсіпкер болады. Сонымен, экономикалық қызмет түріне жатқызатын бизнес адамға табыс әкеледі деп есептелсе, кәсіпкерлік қызмет жаңа ізденіс арқылы осы істі тәуекелмен жүзеге асыру.....
Курстық жұмыстар
Толық