Қазақ әдебиеті | Ш.Айтматов шығармашылығы «Жанпида» романы

І. КІРІСПЕ
Ш.Айтматовтың жас кезінде әкесі мен анасының тәрбиесінде заман ағысымен орыс тіліне, орыс әдебиетіне, орыс балалар әдебиетіне ден қоюы, оның қиялына қанат бітірді. Екінші жағынан, әжесі Айымқан Сатанқызы, сол кісінің қызы Қарақыз Айтматова - бірі егде, бірі жас екі жанашыр жақын жандардың Ш. Айтматовтың жас шағындағы аса аяулы қамқоршылары болуы жазушының адамгершілік тұрғысының, шығармашылық ойлауының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Ата-тек, ата-баба тарихына, ауыл-аймақ шежіресіне, ертедегі аңыз-әңгімелерге, ертегілерге болашақ жазушы осы екі кісіден қанып өседі, ана тілінің ажарын, сұлулығы мен байлығын, көңілді тербеп, көзден жас ағызатын құдіретін осы жақындарынан таниды. Халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып, тазарып, жетіліп, ақырында саф алтындай асыл құндылыққа айналған рухани байлығын, дәстүрлі мәдениетін, салт-дәстүрін, сөз өнерін бойына сіңіріп өскен жастың ұлттық сана-сезімі де осы кезеңде қалыптаса бастаған еді. Жазушының шығармашылығы үшін мұның маңызы жоғары болды.
Жазушының әжесі дүниеден озады, 1937 жылы әкесі, партия қызметкері, Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы, репрессияға ұшырайды. Бала Ш. Айтматов әкесінің қарындасы Қарақыз Айтматованы пана тұтады.....
Курстық жұмыстар
Толық