file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Банк ісі | Халықаралық валюта жүйесі

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық