Медицина | Фитогормондар

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.
Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі аркылы хабар беру өте тез — миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі. Сырткы секрециялық (секреция — сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі — сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер).
Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық