Психология | Тіл мүкістігі бар балалар

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық