Биология | Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері

Кіріспе
Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өнімдерді минералдық элеметтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.
Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін,соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.
Тыңайтқыштарды қолданбайынша тұрақты әрі мол өнім алу мүмкін емес. Әсіресе, өсімдіктердің өсе,өркендей бастаған кезінде фосфор өте қажет. Сондай-ақ вегетацияның екінші жартысында да топырақта фосфордың жетерліктей болуы өсімдіктің ауруларға қарсы төзімділігін арттырады. Генеративтік (жатын,гүл, жеміс) мүшелердің шынығуына және өсуіне әсер етеді, жемістердің пісуін тездетеді және қыста сақталған кезде олардың сақталғыштығын күшейтеді.
Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізін неміс химигі Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы» деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіні белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатынын көрсетті.....
Курстық жұмыстар
Толық