Тарих | Тарихи өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру

I Тарау Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары.
1.1Өлкетану тарихы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау.
Туған өлке деген атаудың қамтитын территориясы бірыңғай бола бермейді.Кейбір мектеп өз ауылы мен төңірегін, мектеп орналасқан қаланы,не белгілі бір ауданын,енді бір мектеп аудан, тіпті облыс территориясын зерттеуді мақсат етеді. Сондықтан мектептегі өлкетану жүмысын шу бастан дұрыс ұйымдастырып, жүмысты мұқият жоспарлаған дұрыс. Әдетте өлкетану жүмысының жоспары мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүмысы жоспарының құрамды бөлігі болып саналады және де көбіне сыныптан, мектептен тыс жүмыстар жоспарымен бірге жасалады. Сондықтан сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде байқағанымыздай бұл жұмысты көбіне тарих, география, әдебиет пөндері мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырады, бұл жұмыс жүргізу үшін қолайлы. Туған өлкенің материалын жинағанда алдымен мектептің оқу-тәрбие жұмысына, тарих және басқа да пәндерді оқытқанда қандай материалдардың қажеттігі ескеріледі және де оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға болатыны анықталады. Осыдан кейін барып тарихи өлкетану жұмысының мақсаты мен міндеттерін белгілеуге болады. Алдымен өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың төмендегідей талаптарға сәйкес келгені дұрыс:....
Курстық жұмыстар
Толық