Тарих | Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы

«Қазақ» атауының төркіні туралы
Бір ұлттың атының «этнонимінің» шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, «қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытынын «қазақ» атауының деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ тарихын баяндаудан бұрын, «қазақ» атауы туралы бұрынды-соңды айтылған болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді көрдік.....
Курстық жұмыстар
Толық