Тарих | Моғол хандығының құрылуы
Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады . Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.....

Курстық жұмыстар