Экономика | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

КІРІСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық